О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 606 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» Министерства здравоохранения Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында: Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті - 09 деген бөлімде: Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 09-03-01 біліктілік талаптарында «Функционалдық міндеттері» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: « Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі Бас­қар­ма­ның жұ­мысы­на жал­пы бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ру. Бас­қар­ма қыз­мет­кер­ле­рі­нің жұ­мысын жос­пар­ла­уды, ба­қы­ла­уды, ұй­ым­да­сты­ру­ды және тал­да­уды жү­зе­ге асы­ру, бас­қар­ма­да өза­ра ал­ма­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету. Ми­ни­стр­лік­тің ке­ңе­сте­рін­де және Ми­ни­стр­лік­тен тыс жер­лер­де Де­пар­та­мент­тің мүд­де­сін біл­ді­ру мен қор­ғауды жү­зе­ге асы­ру. Бас­қар­ма­ға ке­ліп тү­се­тін құ­жат­тар­дың, оның ішін­де заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рі­нің орын­да­луы­на ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру, олар­дың орын­да­лу са­па­сы мен уақ­ты­лы­ғы­на тал­дау жүр­гі­зу. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау және ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту са­ла­сын­да­ғы жұ­мысты үй­ле­сті­ру және бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­тар­ды әзір­ле­у­ге қа­ты­су. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау және ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Ми­ни­стр­лік­тің және бас­қа да мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін әзір­ле­у­ге қа­ты­су. Бас­қар­ма қыз­ме­тіне тал­дау жүр­гі­зу. Бас­қар­ма құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін мә­се­ле­лер бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­ры мен ұй­ым­да­ры­на прак­ти­ка­лық және әді­сте­ме­лік кө­мек көр­се­ту. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау және ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша се­ми­нар­лар, ал­қа­лар, кон­фе­рен­ци­я­лар, ке­ңе­стер, жұ­мыс және са­рап­та­ма­лық топ­тар оты­ры­ста­ры­ның жұ­мысы­на ма­те­ри­ал­дар дай­ын­да­у­ға қа­ты­су. Қо­ғам­дық ден­са­улық және ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша сек­то­ра­ра­лық өза­ра іс-қи­мыл­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау және ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми зерт­те­улер­ді да­мы­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру мо­ни­то­рин­гі. Ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру. Ере­сек ха­лық­қа ме­ди­ци­на­лық оңал­ту көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын рес­пуб­ли­ка­лық ұй­ым­дар­дың қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру. Ди­а­гно­сти­ка мен ем­де­удің кли­ни­ка­лық хат­та­ма­ла­ры­ның, ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­ның, сон­дай-ақ Бас­қар­ма құ­зы­ре­ті шең­бе­рін­де ере­сек ха­лық­қа ме­ди­ци­на­лық оңал­ту көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру стан­дарт­та­ры­ның жо­ба­ла­рын ке­лі­су. »; Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының бас сарапшысы, (төрт бірлік), С-4 санаты, 09-03-02, 09-03-03, 09-03-04, 09-03-05 біліктілік талаптарында «Функционалдық міндеттері» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: « Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі Бас­қар­ма­ға ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­ды, со­ның ішін­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін орын­дау, олар­дың са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­луы­на өзі­нің тал­да­уын жүр­гі­зу. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау, со­ның ішін­де ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша Ми­ни­стр­лік­тің және бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бас­қа нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін әзір­ле­у­ге қа­ты­су. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­ла­сы шең­бе­рін­де ау­ру­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы және про­фи­лак­ти­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды, жол кар­та­ла­рын әзір­леу және мо­ни­то­ринг бой­ын­ша қыз­мет­ке тал­дау жүр­гі­зу. Же­тек­ші­лік ете­тін мә­се­ле­лер жө­нін­де­гі ве­дом­ство­ара­лық өза­ра іс-қи­мыл­ды қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми зерт­те­улер­ді да­мы­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру­ға мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу. Құ­зы­ре­тіне кі­ре­тін мә­се­ле­лер бой­ын­ша кон­фе­рен­ци­я­лар, се­ми­нар­лар, жұ­мыс, са­рап­та­ма топ­та­ры­ның оты­ры­ста­рын, ке­ңе­стер­ді ұй­ым­да­сты­ру және олар­дың жұ­мысы­на қа­ты­су. По­пу­ля­ци­я­лық дең­гей­де­гі қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау, ау­ру­лар­дың, мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы мә­се­ле­ле­рін үй­ле­сті­ру. Ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту, әле­умет­тік оңал­ту­ды ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­мен бі­рік­ті­ру мә­се­ле­ле­ріне же­тек­ші­лік ету. Ме­ди­ци­на­лық оңал­ту жө­нін­де­гі кли­ни­ка­лық хат­та­ма­лар­ды әзір­ле­у­ге қа­ты­су. Ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын рес­пуб­ли­ка­лық ұй­ым­дар­дың қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен, үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­мен өза­ра іс-қи­мыл және ере­сек ха­лық­ты оңал­ту бой­ын­ша бір­лес­кен мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды іс­ке асы­ру. Құ­зы­ре­ті ше­гін­де бюд­жет­тік өті­нім­дер­ді қа­лып­та­сты­ру­ға қа­ты­су, оңал­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен өза­ра іс-қи­мыл. Се­ми­нар­лар­ға, ал­қа­лар­ға, кон­фе­рен­ци­я­лар­ға ма­те­ри­ал­дар дай­ын­дау. Қыз­мет­тік құ­жат­тар­ды, ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың хат­та­рын қа­рау. Ми­ни­стр­лік­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­мен ере­сек ха­лық­ты ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өза­ра іс-қи­мыл­ды жү­зе­ге асы­ру. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:
Тармақша 1
1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.