О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: 104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «104) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру (емтихандар өткізу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 175-19) тармақшамен толықтырылсын: «175-19) ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;»; 190) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «190) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді жүзеге асырады;»; 206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «206) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;»; 268) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 269-19) тармақшамен толықтырылсын: «269-19) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-2-жолмен толықтырылсын: «3-2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 55209 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.