О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 23 декабря 2020 года №66-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 7 тармағындағы мына: «9 мамыр – Жеңіс күніне: «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;» деген абзацтар жаңа редакцияда жазылсын: «9 мамыр – Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.