О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 23 сентября 2022 года № 127 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Созакскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29803 болып тiркелдi) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Созақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№160 шешіміне қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№127 шешіміне қосымша
Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Басқа 7. Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар
санаттарының тізбесі
Созақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№160 шешіміне 2 қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№127 шешіміне 2 қосымша
Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар
санаттарының тізбесі
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
Тармақша 7
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
Тармақша 8
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 9
9) қандастар;
Тармақша 10
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
Тармақша 11
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Тармақша 13
13) толық емес отбасылар;
Тармақша 14
14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
Тармақша 16
16) «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар».