О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 мая 2023 года № 167 «Об утверждении Типового положения об участковых комиссиях, а также критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя» и в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 267 «Об утверждении Методики определе Қолданыста
Басқа 0
«Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына және «Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32560 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеде:
2-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның ережесі осы Үлгілік ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органдарымен келісіп, облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен бекітіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Комиссия қорытындысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығының, қандас, босқын, шетел азаматының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің болуы;».
Тармақ 2
2. «Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32923 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
11-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
12-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.