О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 258-НҚ «Об утверждении размеров фактических затрат на копирование или печать и порядка их оплаты обладателю информации, а также порядка освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать» Қолданыста
Басқа 0
«Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
1) Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы;
2) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасы»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату осы Қағиданың 1-тармақта көрсетілген ақпарат пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 328-НҚ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 23 маусымдағы
№ 258-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшері
1-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшері
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді:
сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы.
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшерімен белгіленген талаптар «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
2-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы бұйрықтың талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.
Тармақ 3
3. Ақпарат иеленуші Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшеріне сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады.
Бұл ретте ақпарат иеленуші:
Тармақша 1
1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;
Тармақша 3
3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;
Тармақша 4
4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.
Тармақ 4
4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу Қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, олардың иелігіндегі экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа және Қазақстан Республикасының азаматтарының елді мекендермен өндіріс объектілерінің амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсері бар басқа да факторларға, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілерімен өндіретін (өткізетін), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты бөлікте сұратылған жағдайда ақпарат пайдаланушы осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес ақпарат иеленушінің шотына ақпарат бергені үшін төлемді аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ақылы негізде берілетін ақпарат осы Қағиданың 3-тармағының талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен кейін және ақпарат иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынғаннан кейін жолданады (беріледі).