О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 23 мая 2024 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Каражал» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы №159 «Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 159 «Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №123-20 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен айқындалған, Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде: көрсетілген шешімінің 1 қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді: 1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды; тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды; 2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары; 3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары: бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су; бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су; 4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары; 5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды; 6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды; 7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды; 8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар; 9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды; 10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»; көрсетілген шешімнің 9 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қаражал қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.