О внесении изменения в постановление акимата Кызылкогинского района от 23 сентября 2024 года № 199 «О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи» при ГУ «Кызылкогинский районный отдел занятости и социальных программ» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 199 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қауылысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Аталған қауылының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «31» «желтоқсандағы» № 333 қаулысына қосымша «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыратын, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
Тармақ 3
3. Орталықтың құрылтайшысы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тармақ 4
4. Орталық 2024 жылдың «23» қыркүйек № 199 Қызылқоға ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 5
5. «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіне қатысты құқықтық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 6
6. Мекеменің толық атауы: «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Центр поддержки семьи» при государственном учреждении «Кызылкогинский районный отдел занятости и социальных программ».
Тармақ 7
7. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Иманов көшесі № 2А индексі 060500. Құрылтайшының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, М.Мамедова көшесі №1 индексі 060500
Тарау 2. 2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі
2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі
Тармақ 8
8. Орталық мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Тармақ 9
9. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылығында шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 10
10. Орталық Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 11
11. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі қаражатпен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 12
12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Орталықты қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
3-тарау. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 14
14. Орталықтың қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау болып табылады.
Тармақ 15
15. Орталық қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Тармақ 16
16. Орталық мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Орталық отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 2
2) Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 3
3) Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 6
6) Жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 8
8) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
Тармақ 17
17. Орталық осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Орталық қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле жергілікті атқарушы органының, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарындағы жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде іске асырылады.
Тарау 4. 4-тарау Орталықты басқару
4-тарау Орталықты басқару
Тармақ 20
20. Құрылтайшы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) Мекеменің Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 4
4) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 6
6) Мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 7
7) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 8
8) коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органға, Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
Тармақша 9
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 23
23. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 24
24. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 25
25. Мекеме басшысының мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 26
26. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және құрылтайшымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
5-тарау Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 27
27. Орталықтың мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардан құралады:
Тармақша 1
1) Құрылтайшының өзіне берген мүлкі;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.
Тармақ 28
28. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 29
29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 30
30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мекеменің қызметі уәкілетті органның бюджетінен қаржыландырады.
Тармақ 31
31. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 32
32. Орталық қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау Орталықтың жұмыс тәртібі
6-тарау Орталықтың жұмыс тәртібі
Тармақ 33
33. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тармақша 1
1) Орталықтың жұмыс тәртіптемесі: күн сайын сағат 9:00 ден 18:30 сағатқа дейін; үзіліс сағат 13:00 ден 14:30 сағатқа дейін; демалыс күндері сенбі және жексенбі. Медициналық қызметкерлер мен күзетшілер үшін арнайы әкімшілік бекіткен кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 34
34. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.
8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.
Тармақ 35
35. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 37
37. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік занды тұлғаның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
Тармақ 39
39. Таратылған мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы орталықтың кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 40
40. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.