О признании утратившим силу решение маслихата области Жетісу от 23 октября 2024 года № 22-132 «Об установлении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню) по области Жетісу» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) белгілеу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы №22-132 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.«Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) белгілеу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы №22-132 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №245-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.