О внесении дополнения в постановление акимата Жанакорганского района от 23 февраля 2024 года №28 «О некоторых вопросах местного государственного управления» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысына төмендегіше өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады».
Тармақ 2
2. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.