О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 мая 2025 года № 33 «Об утверждении Правил проведения обзора расходов, определения целей, тем, объектов, критериев, объема (охвата), уровня, временных рамок, периодичности» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақыт шеңберін, кезеңділікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 мамырдағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақыт шеңберін, кезеңділікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 мамырдағы № 33 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақыт шеңберін, кезеңділікті айқындау қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Шығыстарға шолу осы Қағидаларда көзделген түрлер бойынша және өзге де жағдайларда республикалық немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясының, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейінді тұрақты комитеттерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Бюджетті жоспарлау шеңберінде жүргізілетін шығыстарға шолу ағымдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірілмей аяқталады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Шығыстарға шолу жүргізу жөніндегі уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға немесе республикалық немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясына немесе егер осы шолу олардың ұсынысы бойынша жүргізілген болса Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейінді тұрақты комитетіне жібереді.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Шығыстарға стратегиялық шолу кезекті үш жылдық кезеңге: 1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік органдардың даму жоспарларын; 2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын; 3) квазимемлекеттік сектор субъектілері тиісті мемлекеттік органдар – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп бюджет қаражаты жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын немесе іс-шаралар жоспарларын әзірлеу кезінде жүргізіледі. Шығыстарға стратегиялық шолу Бюджет кодексінің 43-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.»; 17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстар лимитін қалыптастыру шеңберінде тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарды белгілеу кезінде шығыстарға бюджеттік шолу кезінде тиісті бюджет шығыстарының тиімділігіне, нәтижелілігіне және экономикалық орындылығына талдау жүргізіледі, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, мониторинг және нәтижелерді бағалау қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының, инвестициялық жоспарлардың, бюджеттік сұраулардың, бюджеттік бағдарламалар паспорттарының ақпараттары мен көрсеткіштеріне, бюджеттік сұранымдарға, бюджеттік бағдарламалар паспорттарына, ең төмен әлеуметтік стандарттарға, инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төмен стандарттарына, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттарға талдау жүргізіледі.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Шығыстарды инвестициялық шолу кезінде мемлекеттік органның немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларында немесе даму жоспарының жобасында мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына талдау жүргізіледі, инвестициялық жоспарлардың (жобалардың) нысаналы көрсеткіштерімен байланыстыру, қаржыландыруды (жеткіліксіз қаржыландыруды) қамтамасыз ету, жобалардың қымбаттауы және шешу жолдары жүргізіледі. Шығыстарға жүргізілген шолу нәтижелері бойынша жұмыс тобы шығыстарға шолу жүргізу жөніндегі уәкілетті органға: 1) мемлекеттік инвестициялық жобалардың мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының біртұтас халқына жыл сайынғы жолдауларына сәйкестігі; 2) қаржыландыру көлемінің негізділігі және мемлекеттік инвестициялық жобалардың басымдылығын айқындау; 3) мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан экономиканың аралас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсерді, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалы; 4) мемлекеттік инвестициялық жобалар іске асырылған жағдайдағы ықтимал тәуекелдер мен оларды барынша азайту жөніндегі іс-шаралар; 5) аяқталмаған мемлекеттік инвестициялық жобалардың қымбаттауы, жете қаржыландырылмауы және жай-күйі туралы тұжырымдар ұсынады.»; 23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) шығыстарды шолу жөніндегі есепті дайындау, оны жүргізу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға немесе егер осы шолу олардың ұсынысы бойынша жүргізілген жағдайда республикалық немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейінді тұрақты комитетіне тұжырымдар мен ұсынымдар беру.»; 24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «24. Шығыстарды шолу объектілерінің тізбесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ: 1) Құрылтай депутаттары отырыстарының; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы комиссиялардың, кеңестердің, консультативтік-кеңесші органдар шешімдерінің; 3) Жоғары аудиторлық палатаның және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган аудитінің нәтижелері мен ұсынымдары бойынша қалыптастырылады.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Республикалық немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясы: 1) шығыстарды шолу салаларын (аяларын), объектілерін және мақсаттарын; 2) шығыстарды шолуды қамту түрі мен дәрежесін; 3) жұмыс топтарын құру мерзімдерін; 4) шығыстарға шолу жүргізу мерзімдерін; 5) шығыстарға шолу туралы есепті ұсыну мерзімдерін айқындайды.»; 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «32. Шығыстарды шолу тақырыбы шешілуіне шығыстарға шолу бағытталған мәселенің проблематикасымен айқындалады. Шолу тақырыбын республикалық немесе тиісті жергілікті бюджет комиссиясы, егер осы шолу олардың ұсынысы бойынша жүргізілсе Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейінді тұрақты комитеттері ұсынады.»; 35-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «19) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде бюджеттің артқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін орталық мемлекеттік органдардың және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі операциялық бағалау;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.