О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 23 декабря 2025 года № 535 «О бюджете сельского округа Сарбулак на 2026-2028 годы» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №535 «2026-2028 жылдарға арналған Сарбұлақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Сарбұлақ ауылдық округінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №535 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Сарбұлақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 84121 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 11091 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; арнаулы түсімдер – 0; трансферттер түсімі – 73030 мың теңге; 2) шығындар – 88121 мың теңге, оның ішінде; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4000 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 4000 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4000 мың теңге.».
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2026 жылға арналған Сарбұлақ ауылдық округінің бюджеті
Қазалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы «02» маусымдағы №602 шешіміне қосымша Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы «23» желтоқсандағы №535 шешіміне 1-қосымша 2026 жылға арналған Сарбұлақ ауылдық округінің бюджеті Санаты Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы Атауы 1. Кірістер 84121 1 Салықтық түсімдер 11091 01 Табыс салығы 9277 2 Жеке табыс салығы 9277 04 Меншiкке салынатын салықтар 1811 1 Мүлiкке салынатын салықтар 24 3 Жер салығы 2 4 Көлік құралы салығы 1785 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын ішкі салықтар 3 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 3 5 Трансферттердің түсімдері 73030 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 73030 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 73030 Функционалдық топ Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Бағдарлама Атауы 2. Шығындар 88121 1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 52209 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 52209 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 43709 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 8500 7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6981 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2662 014 Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 2662 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 4319 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 1348 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 350 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 2621 8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 26717 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 26717 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 26717 12 Көлiк және коммуникация 2214 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2214 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 2214 3. Таза бюджеттік кредиттеу 0 Бюджеттік кредиттер 0 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 Қаржы активтерін сатып алу 0 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) -4000 7.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4000 9 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4000 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 4000 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 4000