О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2025 года № 671 «Об определении перечня стратегических водохозяйственных и гидротехнических сооружений, в том числе которые могут быть переданы в имущественный наем (аренду) или доверительное управление» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын: «1-1) Шығыс Қазақстан облысындағы Кіші Үлбі өзеніндегі «Алтай» шағын гидроэлектр станциясы; 1-2) Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады; 1-3) Жетісу облысындағы Көксу өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады; 1-4) Жетісу облысы Сарқан ауданындағы Лепсі өзеніндегі бөгет; 1-5) Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніндегі шағын гидроэлектр станцияларының каскады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.