О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 23.04.01 г. № 68 Күшін жойған
Басқа 0
«Облыс әкімінің 23.04.01 жылғы № 68 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 19.06.97 жылғы № 131-1 Заңының 6-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында облыс әкімінің «Бюджеттік несие берудің шарттарын бекіту» 23.04.01 жылғы №68 шешімінің №1 қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Бағдарлама» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ең аз қамтылған азаматтарға шағын несие беру»;
Тармақ 2
2. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Бағдарлама мақсаты» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жұмыстылықты қамтамасыз ету, кедейшілікті азайту, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған бөлігін кәсіпкерлік қызметке тарту;
Тармақ 3
3. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Заем алушы» бабы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Көрсетілген Ережелерге сәйкес несие берушілер белгіленген жекелеген банктік операцияларды өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен басқа да ұймдар»;
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Соңғы заем алушы» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ресми түрде жұмыссыздар деп танылған жеке тұлғалар»;
Тармақ 5
5. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Облыстық бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша бір несие алушыға берілетін бюджеттік несиенің сомасы мен мерзімі» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «15 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейінгі шағын несие берілгенде»;
Тармақ 6
6. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Бюджеттік несиені пайдаланғаны үшін берілетін сыйақы» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Несие алушыға ақырғы несие алушының сыйақы мөлшерінің 0,1%-нан төмен емес шағын несие берілгенде»;
Тармақ 7
7. «Шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру» бағдарламасы бойынша «Заем алушының кірісі» бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Несие алушыға ақырғы несие алушының сыйақы мөлшерінің 99,9% -нан жоғары емес шағын несие берілгенде»;
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Өтешовке жүктелсін.