О временном приостановлении действия подпунктов 2,3,4 пункта 2.5 приложения к решению XXV-й сессии Алматинского городского Маслихата I-го созыва от 14 мая 1999 года "Об утверждении Комплексной программы оздоровления экологической обстановки города Алматы "Таза ауа-Жанга дауа" на 1999-2015 годы" до 2005 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалуын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшiн 2005 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 20.04.2004 № 54 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына және Алматы қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн энергия көздерiнiң тұрақты жұмысын қарастыратын Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынымына сәйкес және "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясының ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, Батыс жылу кешенi мен "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жұмысының жылыту маусымында газбен толық жабдықталмайтындығын ескере отырып II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. "1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшi 2005 жылға дейiн уақытша тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясы 2005 жылға дейiн ТЭЦ-1 және батыс жылу кешенiнiң жұмысына мына жағдайларды қамтамасыз етсiн:
Тармақша 2.1
2.1. Көмiр мен мазут жылу мерзiмiнде ғана отын ретiнде пайдаланылсын;
Тармақша 2.2
2.2. Жобалық сападағы көмiр мен мазут пайдаланылсын.
Тармақ 3
3. "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы осы шешiмiнiң 2.2 тармақшасында көрсетiлген осындай сападағы көмiр мен мазутты пайдаланатын болсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының әкiмiне коммуналдық қызметтердi тұрақтандыру мен бағасын төмендетудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясы 2001-2002 жылдар бойында әртүрлi отын түрлерiмен жұмыс кезiнде зияндық қалдықтардың нормалық тазалануын қамтамасыз ететiн тазалау құралдарының жобасын және оны жүзеге асыру шараларының жоспарын әзiрлесiн.
Тармақ 6
6. Алматы қалалық әкiмияты, Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы отынды жағу тәртiбi мен сапасына тұрақты бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау экология және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (В.Е. Бөлекбаев) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсiн.