О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 24 апреля 1992 года № 2 "О практике применения законодательства, регламентирующего права и обязанности лиц, потерпевших от преступлений" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырыбындағы "Қаулы Қазақ Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1992 жылғы 24 сәуір N 2" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) кіріспедегі "және "Қазақ ССР-інің сот құрылысы туралы" Заңының 51-бабын басшылыққа алып" деген сөздер алып тасталып, "Жоғарғы Сотының Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда заңды тұлғаның өкілі жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.";
Тармақша 4
4) 4-тармақтағы "(ұйғарым)", "(ұйғарымда)" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 5
5) 10-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 6
6) 11-тармақта: бірінші абзац алып тасталсын; екінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке айыптау істері бойынша айыпталушы қарсы айып тағуға құқылы, мұндай жағдайда сот екі айыптауды бір мезгілде шешуі тиіс.";
Тармақша 7
7) 22-тармақтың бірінші абзацындағы "ұйғарым" сөзі "қаулы" сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 23, 24, 25-тармақтардағы "кассациялық", "Кассациялық" деген сөздер тиісінше "апелляциялық", "Апелляциялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.