О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 марта 1997 г. N 401 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 401 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 401 қаулысына P970401_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Астық компаниялары жанар-жағар материалдарды, тұқымды, техниканы, жабдықтарды, босалқы және жинақтаушы бөлшектердi, өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды мемлекеттiк астық сатып алуға берiп тұруға өз бетiнше шарттар жасасады".