Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"

Бұйрық · № 02-01-02/64 · қабылданған 26.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-1999-n-202/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/64 ·26.04.2006
19.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/64 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/64
Қабылданған күні
26.04.2006
Көрсетілген редакция
19.03.2013 AI27916_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004239_
ЭКБ идентификаторы
27916
Редакция идентификаторы
AI27916_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:30

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 986 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымдағы N 149-150 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3 - N 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 - N 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 - N 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 - N 1281 тіркелген; 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98 - N 1544 тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 - N 2268 тіркелген және 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 - N 3694 тіркелген бұйрықтарымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасында:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

4-1 "4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады.";

7-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:

3-1 "3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

3-2 3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-3 3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-4 3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3-5 3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.";

4 4) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

17-1

"17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.";
18-тармақтың 5) тармақшасы "хабарландыру" деген сөзден кейін "соңғы" деген сөзбен толықтырылсын;
24-тармақта:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

8 "8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.";

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.";

26 26-тармақ "жiберген" деген сөзден кейін "(қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған)" деген сөздермен толықтырылсын;

33-тармақта "тестілеу жүйесiне қосылған", "немесе басқа да мемлекеттік органның" деген сөздер алынып тасталсын;
41-1-тармақта "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

42-1 42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

42-1 "42-1. Әрбiр үмiткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Үмiткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.
Әңгімелесу кезінде үмiткер де техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.".

2 2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы