О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 24 июня 1999 года № 351 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 3
Ашық акционерлік қоғамдардың жабық тәсілмен сатып алынған акцияларымен жасалған мәмілелерді тіркеу процесінде туындаған құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды нақтылау мақсатында Ұлттық комиссияның Қазастан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазастан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде 852-нөмірмен тіркелген "Ашық акционерлік қоғамдардың жабық тәсілмен сатып алынған акцияларының қозғалысына бақылау жасау туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 351 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасында:
бесінші бөліктегі "таратылған кезде" деген сөздерден кейін "." (нүкте) тыныс белгісі ";" (үтірлі нүкте) тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұнды алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату кезінде".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өздерінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.