О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 24 июня 1999 года № 352 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.07.2003 № 264 қаулысымен. "Керi репо" мәмiлелерiн жасаудың (қандай да болмасын мүлiктi оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алу) ерекшелiктерiн есеп алу және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметiне бақылау жасауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 32-бабы 2-тармағының және 55-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 26 шiлдеде 853 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен сатып алу-сату мәмiлелерiн жүргiзу туралы" Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына ("Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 14-бет) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) кiрiспеде: "орындау мақсатында" деген сөздер "және 32-бабының 2-тармақшасының негізiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; "салымшыларының (алушыларының)" деген сөздердiң алдында "зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын; "мемлекеттiк емес" деген сөз алып тасталсын; "компаниялар" деген сөзден кейiн "және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 1-тармақта: "зейнетақы активтерiнiң" деген сөздерден кейiн "("керi репо" мәмiлелерiн - бағалы қағазды оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 тармақтармен толықтырылсын: "1-1. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен жасалған "керi репо" мәмiлелерiнiң 30 күннен аспайтын мерзiмге жасалатындығы белгiленсiн. 1-2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-на олардың аффилиирленген тұлғаларымен зейнетақы активтерiнiң қатысуымен "керi репо" мәмiлелерiн жасауға тыйым салынсын.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөліміне:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.