О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 мая 2000 года N 248 "Об утверждении Инструкции по составлению сметы расходов государственных казенных предприятий", N 1174 Күшін жойған
Басқа 0
N 1174, "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда N 1174 тіркелді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықта және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстар сметасының нысанында:
"уәкілетті орган, уәкілетті органға, уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы, мемлекеттік басқару органына, мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.