О внесении изменений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О порядке выдачи организациям, осуществляющим деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, согласий на осуществление инвестиций в ценные бумаги нерезидентов Республики Казахстан" от 24 августа 2000 года N 644 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымның алуына қажеттi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтуi (орын ауыстыруы) көзделген бас лицензиясын алуға қажеттi Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) келiсiмiн беру процесiн оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау қағидаларының 2.2.-1-тармағы 4) тармақшасының негізiнде Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 22 қыркүйекте 1244 нөмiрмен тiркелген "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы" Ұлттық комиссияның 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) 4-тармақтағы "осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес ресiмделетiндiгi және оған Ұлттық комиссия Төрағасының немесе оның мiндетiн атқарушы Ұлттық комиссия атқарушы директорының қол қоятындығы" деген сөздер "Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен ресiмделетiндігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 6-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 1-қосымша алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнінен бастап күшiне енетiндігі белгіленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу мiндетiн жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiнiң және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн; 2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.