О внесении изменений в решение акима области от 24 ноября 2000 года № 207 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 24 қарашадағы № 207 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 39 қаулысымен.
Облыстың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшылығындағы кадрлар өзгерісіне байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс әкімінің "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 24 қарашадағы N 207 шешімінің қосымшасы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын:
"Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Ғалинур Ғалымқызы Шамшаева - облыстық мәслихаттың хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Бүркіт Елемесұлы Жауымбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, комиссия мүшесі
Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы, комиссия мүшесі
Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі".
Тармақ 2
2. "Облыс әкімінің "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 24 қарашадағы N 207 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 2001 жылғы 13 ақпандағы N 48 шешімінің күші жойылды деп саналсын.