О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 1685 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан " О государственной адресной социальной помощи" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 12.12.2005 № 401 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 7 ақпандағы № 17/165 "Атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеретiн участкелiк комиссиялар туралы Ереже жөнiндегi" шешiмiнiң негiзiнде облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса жалғанып отырған "Атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеретiн учаскелiк комиссиялар туралы Ереже" бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар, поселкелер, ауылдық округтер және селолар (ауылдар) әкiмдерi апталық мерзiмде атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеретiн учаскелiк комиссиялар құрсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Баужанова) участкелiк комиссияларды мемлекеттiк атаулы көмектi тағайындау және төлеу үшiн қажеттi белгiленген үлгiдегi өтiнiштер мен басқа құжаттардың бланкiлерiмен қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен шешсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсiн.
Басқа 5
Қосымша Маңғыстау облыстық Бекiтiлдi мәслихатының Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 7 ақпандағы 2002 жылғы 5 наурыздағы № 17/165 шешiмi № 35 қаулысы Атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеретiн учаскелiк комиссиялар туралы Ереже Осы ереже атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн аудандар (қалалар), поселкелер, село және селолық округтер әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын арнаулы комиссиялардың (бұдан әрi - учаскелiк комиссиялардың) мәртебесiн, құру және iс-қимыл жасау тәртiбiн айқындайды. Учаскелiк комиссиялар өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246-11 ҚРЗ "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-1 ҚРЗ "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi № 537 "Кедейлiк шегiн анықтау тәртiбi туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу Ережесiн" басшылыққа алады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ережеде төмендегiдей негiзгi ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган-аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi;
Тармақша 2
2) атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтердi куәландыру жөнiнде поселке, село және селолық округтер әкiмдерiне, қалалар мен аудандар орталықтарында - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы немесе пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативi (ПИТК) басшыларына уәкiлеттiк берiледi.
Тармақ 2
2. Учаскелiк комиссияның құрамына бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, ауыл шаруашылығы органдарының өкiлдерi және келiсу бойынша: жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, құқық қорғау органдарының, пәтерлер иелерi кооперативтерiнiң қызметкерлерi енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Участкелiк комиссиялардың төрағасы селоларда, селолық округтерде және поселкелерде әкiм, қалаларда және аудандарда әкiмнiң өкiмiмен тағайындалған учаскелiк комиссиялардың жұмысына жауапты аппарат қызметкерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн өтiнiш берушiлер арқылы ұсынылған құжаттарды куәландыру, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес тегiн жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн ұсынылатын белгiленген үлгiдегi өтiнiштер мен басқа құжаттардың бланкiлерiн жасау және оларды куәландыру жөнiндегi шығындар ұсынылған есептерге сәйкес аудандар мен қалалар бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Тарау 2. 2. Учаскелiк комиссиялардың мiндеттерi мен функциялары
2. Учаскелiк комиссиялардың мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 5
5. Участкелiк комиссиялардың негiзгi мiндетi уәкiлеттi органдар мен поселке, селолық округтер, село (ауыл) әкiмдерiнiң халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiне ықпалды жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 6
6. Участкелiк комиссиялардың негiзгi функциялары:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк көмек сұраған өтiнiш берушiлердiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзу;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi органға немесе әкiмге атаулы әлеуметтiк көмектi көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыларды дайындау және ұсыну;
Тармақша 3
3) мүдделi адамдардың сұрау салуларды бойынша қажеттi мәлiметтердi ұсыну;
Тармақша 4
4) әкiмге және уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есептi мезгiлiнде ұсыну.
Тарау 3. 3. Учаскелiк комиссиялар мүшелерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi
3. Учаскелiк комиссиялар мүшелерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi
Тармақ 7
7. Учаскелiк комиссиялардың тиiстi органдардан тексерулердi жүргiзуге қажеттi мәлiметтердi сұратып алуға құқығы бар.
Тармақ 8
8. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органның немесе әкiмiнiң тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттарды iрiктеп қайта тексере алады.
Тармақ 9
9. Учаскелiк комиссиялар мүшелерiнiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес жүргiзудi жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) этиканы сақтау;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушiлер мен олардың отбасылары мүшелерiнiң ар-намысын, қадiр-қасиетiн құрметтеу, олардың жеке өмiрiне қатысты мәлiметтердi ашып жария етпеу.
Тармақ 10
10. Учаскелiк комиссиялардың мүшелерi қорытындыда баяндалған және уәкiлеттi органға ұсынылған мәлiметтердiң шүбәсiздiгi мен дәлдiгi үшiн жауапкершiлiк артады.
Тармақ 11
11. Қандай да бiр бұзулар немесе заңсыз төлеуге әкелiп соқтырған осы кесiмнiң шүбәлiлiгi анықталған жағдайда, зиянды өтеу қолданудағы заңнамамен белгiленген тәртiпте кiнәлi адамдардан өндiрiледi.
Тармақ 12
12. Өз атына дақ түсiрген немесе осы Ережеден туындаған ереженi бұзған учаскелiк комиссияның кез-келген мүшесi, аудан (қала), поселке, ауыл (село) және селолық округ әкiмiнiң шешiмi бойынша оның құрамынан шығарылады.
Тармақ 13
13. Мiндеттерiн орындау уақытына участкелiк комиссиялар мүшелерi үшiн осы Ережеге сәйкес олардың жұмыс орны мен жалақысы сақталады.
Тарау 4. 4. Материалдық жағдайға тексеру жүргiзу
4. Материалдық жағдайға тексеру жүргiзу
Тармақ 14
14. Учаскелiк комиссия уәкiлеттi органның немесе әкiмнiң тапсырмасы бойынша өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жүзеге асырады және тиiстi кесiмдi ресiмдейдi (1 қосымша).
Тармақ 15
15. Тексеру барысында учаскелiк комиссиялар өтiнiш берушi көмек сұрауына байланысты жағдайларды анықтайды. Мұнда назар төмендегiлерге аударылады: тiркелiмге сәйкес отбасы құрамы; отбасының жұмыс iстейтiн және кәсiпкерлiкпен айналысатын мүшелерi, олардың табыстары; отбасының еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн мүшелерiнiң саны-олардың жұмыспен қамтылмау себебi; балаларды, мүгедектердi, қарттарды, ауруларды күтуде отырған отбасындағы еңбекке жарамды жастағы адамдардың барлығы; өзiнiң жұмыспен қамтылмағандығы туралы мәлiмдеген адамдардың табыстарының нақты деңгейi (отбасы мүшелерiн жеке сұрау жолымен); жер үлесi мен жеке қосалқы шаруашылығының барлығы (үй малы, құстары, бақшалық учаскесi, бақшалығы, саяжайлық учаскесi) және оларды пайдаланудан түскен нақты табыстарының мөлшерi; иелiгiндегi тұрғын үйлерi (пәтерлерi, үйлерi) және оның саны, олардың жалға берiлуi; пайдалану үшiн жарамды автокөлiгiнiң барлығы немесе жоқтығы (мүгедектер көлiгiнен басқа); зейнетақылар, мемлекеттiк жәрдемақылар алатын отбасы мүшелерi, олардың мөлшерлерi.
Тармақ 16
16. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi орган немесе әкiм тапсырма берген күннен бастап 5 күндiк мерзiмде өтiнiш берушiлердiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi.
Тармақ 17
17. Өтiнiш берушiлердiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзу олардың тұрақты тұрғын орнына бару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Учаскелiк комиссиялар өтiнiш берушiлердiң материалдық жағдайын тексерудi, олардың келiсiмiмен және олардың қатысуымен жүргiзедi.
Тармақ 19
19. Өткiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия өтiнiш берушiге атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытынды дайындайды (2 қосымша). Қорытындыға учаскелiк комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және уәкiлеттi органға ұсынылады.
Тармақ 20
20. Учаскелiк комиссиялардың қорытындылары атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе одан бас тарту үшiн негiз болып табылады (3 қосымша).
Тармақ 21
21. Өтiнiш берушi тексерудi жүргiзуден бас тартқан жағдайда, учаскелiк комиссия кесiм жасайды және уәкiлеттi органды хабарландырады, ол әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Басқа 40
Ережеге 1-қосымша Атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру КЕСIМI Құрамында ______________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ __________________________________________________________ болған комиссия төмендегi өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары мен қамтылу деңгейiн тексердi: 1. Т.А.Ә. ____________________________________________________________ 2. Үйiнiң мекенжайы __________________________________________________ 3. Туған жылы _____ Салық төлеушiнiң тiркеу номерi (СТТН) ____________ 4. Куәлiк (паспорт)________ берiлген уақыты __________________________ 5. Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК) ________________________________________ 6. Жұмыс орны ________________________________________________________ 7. Зейнетақысының (жәрдемақысының) мөлшерi ___________________________ 8. _____________________________(бөлмелерiнiң саны) тұрады. 9. Отбасы құрамы: ________________________________________________________________ №№| Т.А.Ә. |Туысқандық |Туған|Қызмет түрi|Отбасы мүшелерiнiң | |қатынастары| жылы| | айлық табысы __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ 10. Тұрғын үй жәйi:____________________ (газы бар ма?) _______________ Тұрғын үй жағдайы:____________________________________________________ (жөнделуi, жөндеу көрмегенi, авариялық жағдайы) Жылытуы ______________________________________________________ (пештен, пармен, т.б.) Сумен қамтылуы:________________________________________________ (су құбыры, тасымал, құдық) 11. Тұрғын үйдi ұстау үшiн борышы: ___________________________________ Есептеу кассалық орталыққа (РКЦ-ға) борышы ___________ газ үшiн ______ ПКСК, ЖЭК-ке борышы __________ электроэнергия үшiн ___________________ 12. Электр есептегiштердi, су есептегiштердi қондыруды қажет ете ме? ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 13. Тұрғын үйге, балаларға, жұмыссыздарға атаулы әлеуметтiк көмек (теңгеде) ала ма? _________________________________________________________ ________________________________________________________________ 14. Бағалы бұйымдардың, сән-салтанат заттарының, автокөлiктiң, саяжайдың, бақшалық учаскенiң, үй малының барлығы ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 15. Жалпы отбасылық табыс ____________________________________________ 16. Комиссия қорытындысы _____________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Комиссия мүшелерi: ___________________ Таныстым ___________________ ___________________ ___________________ ___________________ ___________________
Басқа 41
Ережеге 2-қосымша Атаулы әлеуметтiк көмектi беру қажеттiгi туралы ҚОРЫТЫНДЫ Құрамында ______________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________ болған комиссия төмендегi өтiнiш берушiнiң ұсынылған құжаттары бойынша қамтылу деңгейiн тексердi: 1. Т.А.Ә. ____________________________________________________________ 2. Үй мекен-жайы______________________________________________________ 3. Туған жылы ______________ Салық төлеушiнiң тiркеу номерi СТТН) ____ 4. Жеке куәлiгi ________ берiлген уақыты _____________________________ 5. Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК) ________________________________________ 6. Отбасы құрамы: ________________________________________________________________ №№| Т.А.Ә. |Туысқандық |Туған|Қызмет түрi|Отбасы мүшелерiнiң | |қатынастары| жылы| | айлық табысы __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ | | | | | __|______________________|___________|_____|___________|___________________ 7. Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________ 8. Тұрғын үйдi ұстау үшiн борышы _____________________________________ ________________________________________________________________ 9. Есептеу құралдары бар ма? ______________________________________ (көрсетiлсiн, қандайлар) ________________________________________________________________ 10. Саяжайдың, автокөлiктiң, үй малының, бақшалық учаскенiң барлығы ________________________________________________________________ 11. Басқа жағдайлар (кәсiпкерлiкпен жеке басқа қызметпен, жеке тасымалдаумен айналысу және т.б.): _____________________________ ________________________________________________________________ 12. Комиссия қорытындысы: _________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ________________________________________ Комиссия мүшелерi: ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________
Басқа 42
Ережеге 3-қосымша Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау (бас тарту) туралы 20__ж. "___________" № ______ шешiм Тегi ________________________________________________________________ Аты_____________________________________________________________ Әкесiнiң аты _________________________________________________________ Туған жылы ______________ жынысы _____________________________________ (күнi, айы, жылы) (әйел, ер) Тұрғын орнының мекенжайы (нақты) _____________________________________ 20___ж. "____" _____________ № ___________________________ жеке куәлiк Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК) ___________________________________________ Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН) ________________________________ Хабарласу уақыты _____________________________________________________ Көмек беруге мұқтаж отбасы мүшелерiнiң саны _____________________ адам Отбасының ________ ж. ______________________ тоқсандағы жиынтық табысы ________________________________________________________________ теңге Орташа жанбасылық табыс ________________________________________ теңге Кедейлiк деңгейi _______________________________________________ теңге 1. 200__ ж. ___________________200___ж. _____________ дейiн отбасының ______________________ мүшесiне төлеуге атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi ____________________________________________________________________сомада (сома цифрмен және жазумен) 2. Бас тартылсын ____________________________________________________ (бас тарту себебi көрсетiлсiн) ___________________________________________________________________________ Жеке есепшот № ___________________ Банкте ___________________ ашылды. М.Ө. Бiлiм бастығы _________________ ( Т.А.Ә.) Бiлiм маманы __________________ ( Т.А.Ә.)