О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2002 года N 100 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер "заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
1-тарауда:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу;
10 мал дәрігерлік қызметпен айналысу; 6";
4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.