О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2002 года N 100 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
1-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 50) тармақшамен толықтырылсын:
"50) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі қызмет 10".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.