О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2002 года N 100 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) кредиттiк бюро қызметi 40".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.