О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2002 года N 100 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн алым ставкаларын халықаралық нормаларға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда: 5-тармақтың 2-бағанындағы "6" деген сан "11990**" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "** тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгенi құрайды."; "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар телнұсқасын беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 2-тарауда: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары 1115***"; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "***тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгенi құрайды."; "Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым ставкалары" деген 3-тарауда: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115****"; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "****тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.