О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2002 года № 100 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
"24-1) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке 10
және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын
жайлар салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.