О внесении изменений в постановление акимата области от 24 сентября 2003 года № 223 "Об утверждении Правил выплаты разовой единовременной помощи оралманам, переселившимся в Мангистаускую область вне "квоты иммиграции оралманов" (зарегистрировано в областном управлении юстиции 21 октября 2003 года № 1537) Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкiмиятының "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 223 қаулысына (облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қазанда N 1537 тіркелген) өзгірістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11
Заңына
сәйкес және "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарды толығырақ қамту мақсатында, облыс әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкiмиятының "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 223
қаулысына
(облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қазанда N 1537 тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесіндегі:
3 тармақтағы "2003 жылы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2002 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармақтағы "2003 жылға" деген сөздер "тиісті жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылып, "оралмандарға" деген сөздерден кейін жазылсын.