О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 24 сентября 2003 года № 224 "Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых объектов коммунальной собственности Мангистауской области" (зарегистрировано в Управлении юстиции 21 октября 2003 года за № 1539) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Маңғыстау облысының коммуналдық меншігінің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 224 қаулысына (әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қазанда № 1539 болып тіркелген) өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" 2004  жылғы 4 қазандағы № 1022  қаулысына  сәйкес, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Маңғыстау облысының коммуналдық меншігінің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 224 (әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қазанда № 1539 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 4 тармағындағы "Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаменті" деген сөз "Маңғыстау облысының қаржы Департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулы ережесінің қосымшасында: "Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаменті" деген сөз "Маңғыстау облысының қаржы Департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.