О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года № 345 "Об утверждении Типового договора участия в Фонде гарантирования страховых выплат" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының » "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2548 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 47 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4161 тіркелген), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4221 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында: 27-тармақта: 3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) уәкілетті орган берген ақпаратқа сәйкес міндетті жарналарды және шартты міндеттемелерді есептеудің дұрыстығын айқындауға құқылы."; 31-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұлдызынан кешіктірмей, Қорға осы Үлгі шарттың 1-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметті ұсынуға;"; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) өткен қаржы жылы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, осы Үлгі шарттың 2-қосымшасына сәйкес өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің жалпы есептелген сомасы туралы мәліметті, сондай-ақ Қордың міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет басқа ақпаратты ұсынуға;"; осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.
Басқа 1. Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 220 қаулысының қосымшасы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартының 1-қосымшасы Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер (теңгемен, тиынмен) Мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру сы­ны­бы­ның ата­уы "Сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры тү­рін­де­гі кі­рі­стер" 701 41 шо­ты бой­ын­ша кре­дит­тік ай­на­лым­дар "Сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры тү­рін­де­гі кі­рі­стер" 701 41 шо­ты бой­ын­ша де­бет­тік ай­на­лым­дар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі­мен "Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­лар­мен есеп ай­ы­ры­су" 671 42  шо­ты бой­ын­ша кре­дит­тік ай­на­лым­дар Мін­дет­ті жар­на­лар­дың есеп­тел­ген со­ма­сы Шар­тты мін­дет­те­ме­лер­дің есеп­тел­ген со­ма­сы Қор­ға қа­тыс­қан­нан ба­стап ке­зең­де есеп тел­ген шар­тты мін­дет­те­ме­лер­дің жал­пы со­ма­сы (өсіп оты­ра­тын нәти­же­сі­мен)
Басқа 9. Жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің жалпы есептелген сомасы туралы мәліметтер
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартының 2-қосымшасы Жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің жалпы есептелген сомасы туралы мәліметтер (мың теңгемен) Мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру сы­ны­бы­ның ата­уы Жа­сал­ған сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның са­ны (бір­лік­пен) Сақ­тан­ды­ры­л­ған объ­ек­ті­лер са­ны (бір­лік­пен) Сақ­тан­ды­ру/ қай­та сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар ".