О внесении изменений в постановление акимата области от 24 марта 2003 года № 78 «О квоте иммиграции оралманов на 2003 год» (регистрационный № 2208) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 24 наурыздағы № 78 қаулысына (тіркеу № 2208) өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығын басшылыққа ала отырып және оралмандар отбасыларын неғұрлым тиімді орналастыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 24 наурыздағы N 78 қаулысына (тіркеу N 2208, 2003 жылғы 16 қазандағы N 211 қаулысымен енгізілген, "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 25 қазандағы N 130, N 131 сандарында жарияланған өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы "Ақжайық ауданы - 10 отбасы" деген жолдағы "10" саны "11" санымен, "Теректі ауданы - 39 отбасы" деген жолдағы "39" саны "36" санымен, "Орал қаласы - 20 отбасы" деген жолдағы "20" саны "22" санымен өзгертілсін.