О внесении изменений в постановление акимата области от 24 марта 2003 года №78 «О квоте иммиграции оралманов на 2003 год» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 24 наурыздағы №78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын басшылыққа ала отырып және оралмандардың отбасын тиімді орналастыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 24 наурыздағы №78 қаулысына (тіркеу №2208) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы "Тасқала ауданы - 20 отбасы" жолындағы 20 саны 30 санымен, "Теректі ауданы - 35 отбасы" жолындағы 35 саны 39 санымен өзгертілсін, "Шыңғырлау ауданы - 14 отбасы" деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Сүлеймен) оралмандар отбасын орналастыру сызбасындағы өзгерістерге сәйкес 2003 жылға арналған квота бойынша көшіп келген оралмандарға тұрғын үйлер сатып алуға арналған мақсатты трансферттерді қайта бөлу жөнінде облыстық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың әкімдері Батыс Қазақстан облыстық көші-қон және демография басқармасымен, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, 2003 жылға республикалық бюджетте қаралған қаржы шегінде оралмандар отбасы үшін тұрғын үйлер сатып алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсін.