О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 июня 2004 года № 98 «О регламенте Костанайского областного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
"Қостанай облыстық мәслихатының регламенті туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 24 маусымдағы № 98 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3- тармағының 5)-
тармақшасына сәйкес:
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облыстық
мәслихатының регламенті туралы" 2004 жылғы 24 маусымдағы № 98
шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-шы тарауда:
55-тармақ келесі редакңияда жазылсын:
Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз
өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы
мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Мәслихат тексеру
комиссиясының төрағасын (ары карай тораға) депутаттар арасынан
сайлайды;
Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан
босатылған негізде жүзеге асырады;
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат
хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары
санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ак Қазақстан
Республикасы заңдарында белгіленген озге де жағдайларда жүргізілуі
мүмкін.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзінің мазмүны жағынан жергілікті бюджеттің аткарылуы
туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып
табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген
мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткеннен кейін ол
бұқаралық ақпарат қүралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша
жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз
пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ак жергілікті бюджетті атқару
жөніндегі жұмыстагы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен
жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне
талдау жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі
бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде үсыныстар береді;
4) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің
түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен
тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды
адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-
әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік күқық бұзушылық белгілері,
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың озге де фактілері
анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына
немесе әкімшілік қүқық бүзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті
органдарға береді;
6) жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке
түсімдердің толық және уақтылы келіп түсуіне қатысты мәселелер
жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік
құқықтық актілердің қолданысы жөнінде үсыныстар әзірлейді және
енгізеді;
8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудың
тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
9) қүпиялық режимінің, қызметтік, коммерңиялық және заңмен
қорғалатын өзге де қүпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті
бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты қүжаттамамен кедергісіз
танысады;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті
бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты
мәселелер бойынша қажетті қүжаттар, анықтамалар, ауызша және
жазбаша түсініктемелер алады;
11) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге
жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет
болған жағдайда, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға болінген қаражат
шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық
ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартады;
12) тексеру комиссиясы оз бастамасы немесе мәслихат шешімі
бойынша көпшілік тыңдауларын өткізе алады. Тексеру комиссиясы
қарамағына жатқызылған анағұрлым маңызды және қоғамдық маңызды
мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулары депутаттардың,
атқару органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының,
ұйымдардың, бүқаралык ақпарат құралдарының өкілдерінің,
азаматтардың қатысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде өткізіледі.
көпшілік тыңдауларын өткізу тәртібі мәслихат регламентімен
анықталады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
мемлеттіктерді жүзеге асырады;
14) тексеру комиссиясы өзін сайлаған мәслихат алдында жауапты
және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді;
15) тексеру комиссиясының агымдагы жылга арналган жүмыс
жоспары облыстық мәслихат сессиясында қарастырылады және оның
шешімімен мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі;
16) тексеру комиссиясының жылдық жүмыс жоспарында
облыстық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі қамтамасыз ететін
негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс;
17) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру
үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат
хатшысы бекітеді. Тораға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер
тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру
комиссиясы мүшелерінің үсыныстары бойынша жасайды;
18) жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,
сонымен қатар жоспарланған мәселені жоспардан алып тастау немесе оны
қарастыруды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімдер сайланған
депутаттар санының кемінде үштен бірінің талап етуімен төрағаның,
тексеру комиссиясының мүшелері немесе мәслихат хатшысының
ұсыныстары бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
19) тексеру комиссиясының жұмыс жоспарының орындалуын
төраға бақылайды;
20) тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда
төраға шақыртады, бірақ тоқсанда бір реттен көп емес. Тексеру
комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және
тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды;
21) тексеру комиссиясының отырыстары оның қүрамына кіретін
депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші
бар деп есептеледі;
22) тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері
қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда
өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат-
қорытындылар;
тексеру комиссиясы қаулысының жобасы. Жергілікті атқарушы
органның облыстық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру
қорытындылары бойынша комиссия отырысы облыс әкімдігі ұсынатын
келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау
туралы талдамалық есеп;
23) тексеру комиссиясы өз қүзыреті мәселелері бойынша
қаулылар қабылдайды;
24) тексеру комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің
жалпы санының басым көпшілігімен қабылданады;
Тексеру комиссиясы торағасы комиссия отырысында
депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс қүқығын
пайдалана алады;
Тексеру комиссиясының қаулыларына төраға қол қояды. Тексеру
комиссиясы бірнеше түрақты комиссиялардың қатысуымен бірлескен
отырыс өткізген жағдайда қаулыға сол комиссиялардың төрағалары қол
қояды. Қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді;
25) қүпиялық режимді арнай мекемелерде немесе "қүпия" және
«өте қүпия» белгісі бар материалдарды пайдалана отырып өткізілген
бақылау нәтижелерін қарастырғанда комиссия жабық отырыстар өткізе
алады, оларға тиісті мемлекеттік органдар мен үйымдардың мамандары
белгіленген тәртіппен шақырылады;
26) тексеру комиссиясы отырысының қарауына үсынылатын
мәселені талқылау барысында комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге
құқылы, ол жазбаша ресімделеді және отырыс хаттамасына қосымша
болып енеді;
27) тексеру комиссиясының қаулылары бақылау іс-шараларының
қорытындылары, облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық
есептің бекітілуі, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданады;
Бақылау қорытындылары қаулысы анықталған бүзушылықтарды
қарастырып, жою шараларын қолдану, мемлекетке келтірілген зиянды
өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бүзған
лауазымдық түлғаларды жауапқа тарту үшін мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілері - атқарушы органдар мен ұйымдарға жіберіледі;
Қылмыс және әкімшілік қүқық бүзушылық белгілері, Қазақстан
Республикасы заңнамасын бүзудың басқа да фактілері анықталған
жағдайда бақылау материалдары құқық қорғау органдарына немесе
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға
тапсырылады;
28) тексеру комиссиясы отырысына ведомстволар мен бақылау
объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім
бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады;
29) тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда
қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен
пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз
сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған
шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған
мәселелер магнитофон лентасына (диктофон) жазылады;
30) тексеру комиссиясына келіп түскен өтініштер мен арыз -
шағымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес
қарастырылады;
31) мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес
бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен
орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының өкімі
шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есепті бланктерде
ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші
ұйымның басшысына тапсырылады.
32) мәслихат аппаратының қызметкерлерін бақылау іс-
шараларын откізуге тартқанда мәслихат хатшысы қатаң есепті
бланктерде ресімделген арнайы өкімге қол қояды;
33) тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және
бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік
бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-
шараларын өткізу бағдарламасын жасайды;
34) тексеру комиссиясы мүшелері, мәслихат аппараты
қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты
материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуына қүпиялылық режимін,
қызметтік, коммерңиялық немесе басқа да заңмен қорғалатын
құпияларды қамтамасыз ету есебінен іске асырылады;
35) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада
тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, үйымның басшысы және
бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілуші үйымның
басшысына (немесе жауапты лауазымды түлғаға) тапсырылады, екіншісі
тексерушіде қалады. Тексерілуші объектінің басшысын актімен
таныстыру үш күнге дейінгі мерзімде өткізіледі. келіспеушілік болған
жағдайда тексерілуші үйымның басшысы оз қолының алдында
«келіспеушіліктермен» белгісін қояды және жеке қүжаттармен оз
келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде
келіспеушіліктер тексеру комиссиясына жолданады;
36) актіге тиісті қүжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар,
ұсыныстар мен деректер енгізілмейді;
37) төраға алынған келіспеушіліктерді карастырады және актіге
қол койылған күннен бастап он күн ішінде үйымның басшысына жазбаша
жауап береді;
38) бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында
қарастыруға материалдар, мәслихаттың жақында болатын сессиясына
комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы
ақпарат дайындайды;
39) тексеру комиссиясының қабылданған қаулыларының іске
асырылу барысын тораға бақылайды;
40) тексеру комиссиясының жұмысының жариялылығы Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес іске асырылады;
41) тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен
бақылау қызметін жүзеге асыра алады;
42) тексеру комиссиясы мен мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары актілер мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
талаптарына сәйкес болған жағдайда бақылау нәтижелерін өзара
мойындайды, келісілген мерзімде тексерілген объектілер және
тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы
ақпараттармен алмасады;
43) тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары
кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда
кемінде бір рет өткізеді;
44) тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде
баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және
толықтығына Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған
жауапкершілік жүктеледі.