О внесении дополнения в решение Костанайского областного маслихата от 24 июня 2004 года № 98 «О регламенте Костанайского областного маслихата» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 98 «Қостанай облыстық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті атқару органдарының халықтың алдындағы жауапкершіліктерінің деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттардың алдында есеп берулерін камтамасыз ету максатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 - бабы 3 - тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 98 «Қостанай облыстык мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3063), 2005 жылғы 25 ақпандағы № 167 «Қостанай облыстык мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттын 2004 жылғы 24 маусымдағы № 98 шешіміне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3390) шешімдерінің 3-бөлімі 22-1-тармағымен келесі басылымда толықтырылсын: «22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін, жарты жылда бір рет, облыстык мәслихаттың екі сессияларында, облыс әкімі, өзінің қүзыретінің шеңберінде облыстык мәслихаты депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп береді. Есеп корытындысы мен оның талкылау жөнінде облыстык мәслихатының шешімі кабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезінен бастап қолданысқа енгізіледі.