О внесении изменений в постановление от 24 февраля 2005 года N 93 "Об утверждении правил назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 24 ақпандағы N 93 қаулыға өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабын, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8-тармағын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы (тіркеу нөмірі 2205, "Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде 2005 жылғы 12 наурызда жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулының кіріспесі мен "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережелері" "Жалпы ережелерінің" 1 бөлігіндегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заңының 23-бабын", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заңының 23-бабына" сөздері тиісінше мынадай сөздермен ауыстырылсын: "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабын", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына".