О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города от 24 февраля 2005 года № 113 «Об утверждении Правил об организации «Молодежной практики» и организации финансирования социальных рабочих мест» Күшін жойған
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 113 «Жастар практикасын» ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасынының 2005 жылғы 22 қазандағы № 84-ІІІ ЗРК Заңының 18-1 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 113 «Жастар практикасын» ұйымдастыру туралы ағидаларды бекіту және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (ШҚО Әділет департаменті Семей қалалық әділет басқармасы 2005 жылғы 8 сәуірде № 5-2-1 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 16 және «Семипалатинские вести» газетінде 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 16 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы қаулының «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» деген 2- қосымшасында:
2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орын – жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде мақсатты топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеуге жұмысталған шығыандары ішінара өтеле отырып құратын жұмыс орны;
мақсатты топтар - «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша еңбекке орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды қажет ететіндермретінде белгіленген адамдар топтары»:
6-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған кәсіпорындарды іріктеуді кезінде мыналарға:
1) Жіберілген жұмыссыздар арасынан 50% дейін тұрақты жұмыс орнына орналастыруға;
2) Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар еңбегіне ақы төлеуді қоса қаржыландыру мөлшері бюджеттік қаржылардан аударылатын сомадан кем болмауына;
3) Жұмыс орындарын құруға және жыл бойы сақтауға;
4) Жұмыстар түрлерінің қоғамдық маңыздылығы;
5) Қажетті еңбек жағдайларына, еңбекті қорғауға және техника қауіпсіздігіне;
6) Арнаулы киіммен мен мүкәммалмен қамтамасыз етуге;
7) Еңбекақыны мерзімінде төлеуге кпілдік берген кәсіпорындарға артықшылық беріледі.»
Тармақ 2
2. Әкімдіктің осы қаулынысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.