О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 марта 2005 года № 120 "Об утверждении Правил прохождения испытательного срока и стажировки лицами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылы 15 сәуірде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 14, 2005 ж. мамыр, 56-құжат болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібінің ережелерінде: 5-тармақтағы: «жеке» деген сөз алып тасталсын; «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын; 11-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
Тармақ 3
3. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.