О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2005 года № С16-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (№ 3111 тіркелген және 2005 жылғы 8 сәуірде аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» № 13 газетінде жарияланған) шешіміне, аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 маусымдағы № С19-3 Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-8-10 тіркелген және аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған), 2005 жылғы 5 қазандағы № С22-5 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-8-20 тіркелген және 2005 жылғы 31 қазанда аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» № 40 газетінде жарияланған) шешімдерімен келесі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4 бөлімін келесі мағыналы 10-1 тармағымен толықтыру: «10-1. Әлеуметтік төлем аз қамтылған азаматтарға ұн, нан өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерінде жеке есеп шотына өтініш жазбай-ақ аударылу арқылы жүзеге асырылады»;
Тармақша 2
2) 5 бөлімін келісі мағыналы 14-1 тармағымен толықтыру: «14-1. Аз қамтылған азаматтарға ұн, нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты әлеуметтік көмек төлеу жинақталған тізілім негізінде алушылардың пошта бөлімшелеріндегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Осы шешім Егіндікөл ауданның әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.