О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2005 года № С16-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (№ 3111 тіркелген және аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 13 санында жарияланған) шешіміне аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 маусымдағы № С19-3 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-8-10 тіркелген және аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2005 жылғы 17 маусымдағы № санында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 5 қазандағы № С22-5 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (№ 1-8-20 тіркелген және аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 40 санында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С4-4 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-8-60 тіркелген және аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 1 санында жарияланған) шешімдермен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескіріле отырып, келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 бөлімнің 6 тармағы келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) «Егіндікөл ауданының құрметті азаматы» атағы берілген азаматтарға»;
Тармақша 2
2) 4 бөлім келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Ауданның кұрметті азаматтарына жыл сайын 30 (отыз) мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді».
Тармақ 2
2. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.