О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2005 года № 3С-11/8 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес және жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 11-9/995 ұсынуымен, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әділет Департамантінде 2005 жылғы 4 наурыздағы № 3051 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2005 жылғы 11 наурыздағы № 9 болып жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы №3С -11/8 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 9 қаңтарында № 1-12-22 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2 болып жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-18/4, Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 3 қаңтарында № 1-12-45 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 2 болып жарияланған 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 3С-28/4, Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 29 шілдесінде № 1-12-59 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2007 жылғы 6 шілдедегі № 27 болып жарияланған 2007 жылғы 20 маусымдағы № 3С-33/6 шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
4 тараудың 11 тармағы 15 тармақшасымен төмендегідей редакцияда баяндалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ай сайын 1686 теңге, жылу беру кезіңінде 2730 теңге көлемінде қосымша шара белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемдекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.