О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2005 года № 3С-11/8 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және жұмыстылық және 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 11-03/4337 әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынуымен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әділет Департамантінде 2005 жылғы 4 наурыздағы № 3051 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2005 жылғы 1 наурыздағы № 9 болып жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы №3С-11/8 «жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 9 қаңтарында № 1-12-22 болып тіркелген, «Целинное знамя аудандық газетінде 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2 болып жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №3С-18/4, Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 3 қаңтарында № 1-12-45 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 2 болып жарияланған 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №3С-28/4, Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 29 шілдесінде № 1-12-59 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2007 жылғы 6 шілдедегі № 27 болып жарияланған 2007 жылғы 20 маусымдағы №3С-33/6, Ақмола облысы Жарқайың шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6 тармақтағы «комиссия» деген сөз «әлеуметтік қорғау саласындағы Кеңес» деген сөздерімен ауыстырылсын; -Ереженің 11 тармағының 9 тармақшасы төмендегідей мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: «осы ережесімен қарастырылған материалдық көмек 3 жылдан кем емес болғандықтан жұмыспен өтеу жағдайында төленеді. Егер жас мамандармен бекітілген мерзімге дейін еңбек шарты тоқтатылса, төлемі аудан бюджетіне қайтарылуға тиіс; -15 тармағы төмендегідей редакцияда баяндалсын: «Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерге коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін жылдың мерзіміне байланысты еместігінен айлық есеп көрсеткіштің 2,5 мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді».
Тармақ 2
2. Ереженің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және Заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жарқайың ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.