О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 февраля 2005 года № 3С-11/8 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» (зарегистрированное в Департаменте юстиции Акмолинской области № 3051 от 4 марта 2005 года) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың Ақмола облысының әділет Департаментінде 2005 жылы 4 наурызда № 3051 болып тіркелген 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылгы 24 ақпандағы № 3С - 11/8 «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 11 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «Наурыз» тойын тойлау қарсаңында 80 жастағы және жасы одан үлкен көп жасаған қарттарға; 11 тармақтың 6 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: Мүгедектер Күніне қарсы.
Тармақ 2
2. Ереженің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депуттатық өкілеттілігі және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тисті. Келісілген: Аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметова 20.12.2006 ж «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлеттік мекемесінің бастығы З.Қоржымбаев 20.12.2006 ж. Жарқайын ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ахметова 20.12.2006 ж. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ахметов 20.12.2006 ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы В.Сидорина 20.12.2006 ж.