О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района Шал акына от 24 апреля 2006 года № 112 «Об очередном призыве граждан 1979-1988 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне, декабре-декабре 2006 года» Қолданыста
Басқа 0
Шал ақын ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірден № 112 «2006 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірден № 94 «Әскери қызметінің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке кезекті шақыруы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдеден № 74-ІІ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шал ақын ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірден № 112 «2006 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды жедел қызметке шақыру туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі № 13-14-30 2006 жылдың 28 сәуірден, аудандық «Новатор» газетінде 2006 жылдың 23 мамырда, № 45 жарияланған) каулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-1 тармақ келесі мазмұнмен толықтырсын:
«1-1. Әскери - оқыту оқу орындарына кандидаттардың кәсіби таңдауы ауданның азаматтық жастары санынан жасалсын»;
2 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«2. Әскери оқу орындарына түсетін әскерге шақырушылардың және азаматтардың медициналық куәлендіруін өткізу үшін әскерге шақыру комиссияның құрамы бекітілсін (1 Қосымша)»;
3 тармағында:
1) тармақшасында «әскерге шақырушылардың медициналық куәлендіруі» сөздерінен кейін «және әскери оқыту орындарына түсетін азаматтар» сөздерімен толықтырылсын;
Тармақ 2
2. Шал ақын ауданы әкімдігінің:
2006 жылғы 24 сәуірден № 113 «2006 жылы әскери-оқыту орындарына канидаттарды таңдау туралы»;
2006 жылғы 17 мамырдан № 117 «Шал ақын ауданында оқыту-далалық жиындардың ұйымдастыруы және өткізуі туралы»;
2006 жылғы 24 мамырдан № 130 «Білім беру саласында аудан әкімінің сыйлықтарын беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысыларының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулынын, орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Е.П. жүктелсін.