О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 24 мая 2006 года № 445 "Об утверждении Порядка отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения" Қолданыста
Басқа 0
Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 445 "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі" қаулысына өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Халықты жұмыспен қамту" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылдың 24 мамырдағы N 445 "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі" қаулысына (N 11-1-31 тіркелген, 2006 жылдың 1 шілдеде N 105 "Маңғыстау" және "Огни Мангистау" 2006 жылдың 1 шілдеде N 105 газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібінде:
2-тармағы "алты айға дейін жол беріледі" деген сөздер "шартпен анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К. Хитуовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінін бастығы
______________ Айтбатырова К.М.
"_29_"_05_2008жыл