О внесении изменения в постановление акимата города Актау от 24 мая 2006 года № 445 "Об утверждении Порядка отбора работадателей предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп" Қолданыста
Басқа 0
Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 445 "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 445 «Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-31 тіркелген, 2006 жылдың 11 шілдесіндегі № 111 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібіндегі
бірінші абзацтағы «облыс әкімдігінің 27.04.2005 жылғы «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» № 146 қаулысына (№ 1906 тіркелген)» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.