О внесении изменений в постановление акимата города Степногорска от 24 декабря 2007 года № а-18/608 «Об организации социальных рабочих мест в 2008 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/608 «2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын негізге алып, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/608 «2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 15 қаңтарында № 1-2-81 тіркелген, 2008 жылдың 24 қаңтарында № 4 (316) «Престиж» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: қосымшада: 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құрайтын ұйымдар мен кәсіпорындар тізімінде 18 реттік нөмір жолы алынсын; 24 реттік нөмірінің жолында «Орман шаруашылығы» Степногорск қ. ММ» сөздері «Құнарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - «Әр түрлі жұмыстағы адамдар» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.