О внесении дополнений в постановление акимата города Степногорска от 24 декабря 2007 года № а-18/609 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/609 «2008 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6 тармағына сәйкес халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/609 «2008 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Степногорск қаласының Әділет баскармасында 2008 жылдың 9 қаңтарында № 1-2-78 тіркелген, 2008 жылдың 10 қаңтарында № 2 (314) «Престиж» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
5 тармағында:
«жергілікті бюджет» сөздерінен кейін «тапсырыстар бойынша жұмыс берушілердің қаражат есебінен» сөздерімен толықтырылсын;
қосымшада:
2008 жылғы Степногорск қаласы мен Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округіндегі ұйымдар және ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлері мен тізбесі реттік нөмірлер 35, 36 келесі мазмұнды жолымен толықтырылсын:
35. «Степногорск қаласының подшипник зауыты» акционерлік қоғамы» - «Қала аумағын жинау, экологиялық сауықтыру және аймақты көгалдандыру»
36. «Надежда» «Меншік пәтерлер кооперативі» - «Аула құлыбында жасөспірімдер мен балалармен жұмыс істеу»
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г. Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.