О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 235 «Об утверждении форм технического паспорта» Күшін жойған
Басқа 0
«Техникалық паспорттардың
нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2007 жыл 24 қазанда № 163 (1192) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық паспорттың (Н-3) нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
____________
2018 жылғы «__»________
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1609 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 24 тамыздағы № 235
бұйрығымен бекітілген
Н-3 нысаны
1. Облысы___________________________________________________________
2. Ауданы___________________________________________________________
3. Қаласы (кенті, елді мекені)______________________________________
4. Қаладағы аудан __________________________________________________
5. Мекен-жайы_______________________________________________________
6. Кадастрлық нөмірі________________________________________________
7. Түгендеу нөмірі__________________________________________________
ПӘТЕРДІҢ (БӨЛМЕНІҢ (-ЛЕРДІҢ) ЖОСПАРЫ
Масштабы_________
Қабырға материалы:______Қабаты:___Қабаттылығы:___Салынған жылы:____
Экспликациясы
N
атауы
жалпы ауданы
тұрғын ауданы
тұрғын емес
ауданы
лоджия
балкон
Қорытынды
Берген күні «____» ______________ _______ж.
Директор: _______________________________
(Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)
Бөлім бастығы: _____________________________ М.О.
(Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)
Орындаушы: _______________________________
(Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)